ҚЫЗМЕТТЕР


ISO 27001, ISO 20000, ISO 22301, ISO 35001 қызметтері

ISO/IEC 27001, ISO/IEC 20000, ISO 22301, ISO 35001

Management Systems and Business Consultants LLC тренингтерді, басқару жүйелерін аудиттеу, енгізу, дайындау және бұдан басқа да қызметтерді, сондай-ақ бизнес-процестердің сараптамасын жүргізу және консалтингілеу саласында кәсіби қызметтердің кең түрін ұсына алады. Біздің кеңесшілеріміз бен аудиторларымыздың тәжірибесі мен білімін қолдана отырып, Сіздің бизнесіңіздің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, біз Сізге ең ұтымды шешімді ұсына аламыз.

Біз ұсынатын консалтингтік қызметтердің негізгі топтамасы:
Дайындау және енгізу бойынша кеңестер
  • ISO / IEC 27001 стандарты талаптарына сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері (АҚБЖ);
  • ISO / IEC 20000-1 стандарты талаптарына сәйкес келетін қызметтерді басқару жүйелері (ҚБЖ);
  • ISO 22301 стандарты талаптарына сәйкес келетін бизнестің үздіксіздігін басқару жүйелері (БҮБЖ);
  • ISO 35001 стандарты талаптарына сәйкес келетін биорискті басқару жүйелері (ББЖ);
  • ISO 50001 стандарты талаптарына сәйкес келетін энергетикалық менеджмент жүйелері (ЭМЖ);
  • ISO 31000 стандартының нұсқауларына сәйкес тәуекелдерді басқару негіздері.

Біз, Сіздерге IRCA (International Register of Certified Auditors) және PECB (Professional Evaluation and Certification Board) халықаралық жетекші кәсіби мекемелерде сертификаттандырылған кеңесшілеріміз бен аудиторларымыздың тәжірибесін ұсынамыз. Біздің сарапшыларымыздың мол тәжірибесі басқару жүйелері жобаларының 75-тен астамына белсенді қатысуымен негізделген.

Сүйемелдеу (қызмет көрсетулерге жазылу):
  • ISO / IEC 27001 стандарты талаптарына сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері (АҚБЖ);
  • ISO / IEC 20000-1 стандарты талаптарына сәйкес келетін қызметтерді басқару жүйелері (ҚБЖ);
  • ISO 22301 стандарты талаптарына сәйкес келетін бизнестің үздіксіздігін басқару жүйелері (БҮБЖ);
  • ISO 35001 стандарты талаптарына сәйкес келетін биорискті басқару жүйелері (ББЖ).

Сүйемелдеу бойынша қызметтеріміз, Сіздің басқару жүйелеріңіз белгілі бір стандарт талаптарына сәйкес, тұрақты түрде әрекет етіп, жақсарып тұруы үшін Жоғарғы басшылыққа кәсіби ұсынымдар ұсынылады

Басқару жүйелерінің аудиті
Біздің компания, басқару жүйелерінің әр түрлі аудит түрлерін (бастапқы сәйкестілік аудиті, кезеңдік ішкі аудит, тақырыптық аудиттер, серіктестік аудиттері және т.б.) ұсынады. Аудиттер белгілі бір стандарт талаптарына (ISO / IEC 27001, ISO / IEC 20000, ISO 22301, ISO 35001, ISO 31000) немесе Сіз ұсынған не Сіздің серіктестеріңіз ұсынған белгілі бір талаптарға сәйкес өткізілуі мүмкін. Аудиттер, құзіреттілігі дәлелденген кәсіби аудиторлармен орындалады.

АТ-қауіпсіздігін тестілеу
Осы саладағы алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдана отырып Certified Ethical Hacker-қызметтер кәсіби маманмен орындалады.

ИТ аудиттері
Біздің компания, Сіздің мекемеңізге мамандандырылған АТ-аудиттерінің кең түрін ұсынады

Бизнес-процестер жөніндегі кеңестер
Біздің кеңесшілеріміз, бизнес-процестер жөнінде кеңес беру, тәуекелдерді бағалау, бизнес-процестерді бағалау, реинжиниринг және оңтайландыру, экономиканың түрлі салаларында алдыңғы қатарлы тәжірибелерін практика жүзінде енгізу жағынан үлкен тәжірибеге ие